04 қазан 2017 15:28

Астанада букмекерлік кеңсеге шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Астанада букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода  медициналық маска киген ер адам қызметтік бөлмеге кіріп, кеңсе қызметкеріне белгісіз затпен қорқытқан. Видеода "деньги" және "стой, не двигайся" деген сөздер анық естіледі. Бірнеше секундтан соң ер адам шығып кетеді. 

Дереккөз мәліметінше, келтірілген залал мөлшері - 700 мың теңге. 

Астана полициясы қарақшылық шабуыл дерегін растады. 

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Қарақшылық" бабы бойынша біріңғай реестрге тіркелді. Күдікті іздестіріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді елордалық ІІД баспасөз қызметі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети