Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Астанада егеуқұйрықтары бар дәмхана бұзылатын болды

20 Сәуір 2015, 11:33
0
Егеуқұйрықтары бар дәмхана. © Тұрар Қазанғапов.
Егеуқұйрықтары бар дәмхана. © Тұрар Қазанғапов.

Астанадағы атышулы дәмхана бұзылатын болды. Кеміргіштер өріп жүрген кәуапхана орнына жаңа дәмхана салынады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіндегілер хабарлады.

"Қосалқы жалгер жазаланды, оған санитарлық-эпидеомиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 425-баптың 1-бөлігіне сәйкес, 10 АЕК (19 820 теңге) көлемінде айыппұл салынды, кафе жабылды. Ол тексеріс басталғанға дейін жабық тұрды, тексеріс барысында жұмыс істеген жоқ, жабдықтарға демонтаж жүргізілді", - деп түсіндірді департаменттегілер.

8 сәуірде Астана тұрғыны Yermek Koishubayev кәуап тізілген таяқшалар арасында жүгіріп жүрген егеуқұйрықтар туралы видеоны әлеуметтік желіге салды. Ол бұл жағдайдың "Артем" мен "Әлем" сауда үйінің маңындағы дәмханада болғанын жазды.

Кейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіндегілер тексеріс жүргізуге ниетті екендерін хабарлады. Алайда тексеріс жүргізгендер жалға алушыларды бірнеше күн таба алмады.

Сонымен қатар, Алматы дәмханасының витринасында жүрген егеуқұйрықтар туралы видео да әлеуметтік желі де жарияланған болатын.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай