02 маусым 2015 17:06

Астанада екі жасар сәбиді жүк көлігі басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Wikimedia.org ©Wikimedia.org

Астанада екі жасар сәбиді жүк көлігі басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада екі жасар сәбиді жүк көлігі басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда ішкі істер департаментінде Ильинка ауылындағы үй ауласында жүк көлігінің сәбиді басып кету дерегіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 30 мамырда "ГАЗ-53" автомашинасы үй ауласында қазан айында екі жасқа толуы керек болған баланы басып кеткен. 

"Оқиға салдарынан сәби алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде "адам өліміне әкеліп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша тіркелді. Қажетті сараптамалар белгіленді, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз өкілдері.

Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекованың айтуынша, жүк көлігінің 30 жастағы жүргізушісі ассенизатор қызметін ұсынумен айналысады. Ильинка ауылына келген жүргізуші жаңадан соғылып жатқан үйлердің аулаларының бірінде айналғысы келіп, сәбиді басып кетеді. 

Ресми мәліметтер бойынша, ер адам жол-көлік оқиғасы болған жерде ұсталды, ол Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Таяуда оған қатысты үй қамауы түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетейік, өткен аптада Астанада жол талғамайтын көлік мектеп оқушысын қағып өлтірген болатын. 25 мамырда 12 жастағы оқушы жаттығудан қайтып келе жатып, Toyota Land Cruiser көлігінің астына түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети