Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астанада жаңа салынған үйдің қирандылары тағы екі көлікті бүлдірді

04 Қазан 2015, 14:48
0
© Светлана Зубарева
© Светлана Зубарева

Астанада жаңа салынған үйдің қирандылары тағы екі көлікті бүлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Оқиға 4 қазанда түнгі уақытта болды. Көліктерге үйдің Бауыржан Момышұлы көшесі жағындағы маңдай бетінің қирандылары түскен.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ғимараттың бөлшектері бір ай бұрын түсе бастапты. Күшті жел жағдайды қиындатып жіберген. Бүлінген автомобильдердің бірінің егесінің қирандының құлауының дерегін полицияға тіркегені хабарланып отыр. 

"Жақын маңда балабақша бар. Желдің бағыты басқа жаққа болғаны жақсы, әйтпесе балабақша бүлінер еді. Жаңадан салынған екі үйдің де кіреберістерінде сылақ түсіп жатыр, жарықтардан ерітінді көрінбейді. Түнде ысқырып, сатырлап тұрды, үй қирап жатқандай болды", - деді жергілікті тұрғын Светлана Зубарева. Оның айтуынша, үйдің тұрғындары құрылысшыға хат жазған, алайда компания жағдайды түзер емес. 

Еске салайық, таяуда Астанада тұрғын үйден опырылып түскен плитка көлікке қадалған болатын. Видеоға қалдырылған пікірлерге сенсек, плитка тоғызыншы қабаттан құлапты. Оқиға Сауран көшесіндегі 9-үйде болған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай