Астанада жоғалып кеткен баланың денесі құдықтан табылды

20 Ақпан, 10:27
0
Астанада жоғалып кеткен баланың денесі құдықтан табылды - © фото: әлеуметтік желіден алынған
© фото: әлеуметтік желіден алынған

Астанада жоғалып кеткен баланың денесі құдықтан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"19 ақпанда 16:53-те Астанадағы Железнодорожный тұрғын үйлер кешенінде орталық әуе мобиль жедел құтқару жасағы 2006 жылғы баланы іздестіру жұмыстарын бастаған. Ол 16 ақпанда үйінен шығып, қайта оралмаған. Түнгі сағат 23.40-та еріктілер баланың денесін беті ашық кәріз жүйелердің бірінен тауып, оны ішінен шығарып алған. Өлім себептері анықталып жатыр", - делінген ресми хабарламада.

Астананың полиция өкілдері баланың денесінде зорлық белгілері табылмағанын мәлімдеді.

"Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сот сараптамасы тағайындалды. Іздеу жұмыстары мен жоғалу себебін анықтау үшін жедел іздеу топтары құрылып, оның қатарына полиция қызметкерлері, әскери қымкеткерлер мен төтенше жағдай қызметкерлі кірген. Оған қоса іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылған. Әскери қызметкерлер мен еріктілер ағаш отырғызылған жерлер, жеке және тастанды үйлер, ашық алаңдарды, теміржол өткелдерін, ауыл және жол бойында орналасқан кәріз жүйелерін арнайы құрылғылармен тексеріді" - деді ведомствоның өкілдері.

Қаза тапқан баланың туыстарының айтуынша, 2006 жылғы Бақдаулет Өмірхан 16 ақпанда 40-шы бекеттің жанында Астанадағы Железнодорожный тұрғын үйлер кешенінен табылған. Іздеу жұмыстарына полицейлер мен 300 ерікті қатысқан. Іздеу жұмыстары бірнеше күнге жалғасты.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай