29 маусым 2018 14:29

Астанада көлік тізгінінде инсульт алған жүргізуші ірі жол апатын жасады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астанада жол талғамайтын автокөлік жүргізушісі жеті көлікті соғып, өзі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"27 маусымда сағат 19.40-та Toyota көлігінің жүргізушісі денсаулығының нашарлауына байланысты көлікті басқара алмай, жеті көлікке соқтығысты", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқиға орнынан 39 жастағы ер адам алдын ала "инсульт" диагнозымен ауруханаға жеткізілді.

"Полиция бұл іс бойынша ақпарат жинап, тексеріс жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Қазір ер адам №1 қалалық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети