10 наурыз 2019 13:58

Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Құтқарушылар 4 баланы құтқарды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Құтқарушылар қатты түтенген үйдің ішінен автосатыны пайдаланып адамдарды шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"10 наурызда сағат 11.16-да 101 байланысының орталық пунктіне Құдайбердіұлы көшесі нөмірі 31/1 мекенжайында өрт шыққаны жайлы хабарлама келді. 7 минуттан кейін құтқарушылар айтылған орынға жетіп, тоғызқабатты тұрғын үйдің екінші қабатында жатын бөлмеде жиһаз бен үй заттары 20 шаршы метрде жанғанын анықтаған", - деді ведомство өкілдері.

Қатты түтіннен адамарға қауіп-қатер төнген. 25 құтқарушылар автосатыны пайдаланып адамдарды үйден шығарған. 25 адам құтқарылды. Оның ішінде төртеуі бала. 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 12-сі бала.

Өрт сағат 11.33-те сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.     

фото: Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети