24 желтоқсан 2015 19:54

Астанада қойма өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com © vk.com

Астанада қойма өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың ТЖД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 


Астанада қойма өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың ТЖД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

ТЖ жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Бейсебеков көшесі, 24/1 мекен-жайындағы өрт туралы хабар "101" пультіне 2015 жылдың 24 желтоқсанында сағат 18.39-да келіп түскен.  

"Бірінші өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін өрт шыққан орында рәзеңкелік-техникалық, қағаз және май өнімдерінің өртеніп жатқаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шалған аумақ - 200-300 шаршы метр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.  

Өрт орнында Астананың ТЖД өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қосымша ақпаратты ведомство пайда болған кезінде жария етуге уәде беріп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети