25 ақпан 2019 13:55

Астанада куәгерлер полицейлермен төбелескен ер адамдарды видеоға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Астана қалалық полиция департаменті құқық қорғау органдарының қатысуымен болған төбелестің видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана қалалық полиция департаменті құқық қорғау органдарының қатысуымен болған төбелестің видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Департамент өкілдерінің мәліметінше, 24 ақпанда таңғы 6:20-да екі сержант көшеде ер адамдардың төбелесіп жатқанын байқаған. Қызметкерлер не жағдай болып жатқанын анықтау үшін ер адамдарға жақындаған. 

"Полицейлердің құқық бұзушылықты доғару туралы талабын елемеген ер адамдар агресив қылық танытып, белсенді физикалық қарсылық көрсеткен. Сонымен қатар, полицейдің кеудесінде тұрған бейне тіркеу құрылғысын бүлдірген", - деді полиция өкілдері. 

Оқиға орнына қосымша құқық қорғау органдары жеткен. Соңында мас күйде болған бес ер адамды ұстап, полицияға жеткізген. 

"Ұсталғандардың бірінің басынан тепкен тағлымгер полицейге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ПД өкілдері. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция мәліметінше, ұсталғандардың үшеуі бұрындары сотталған. Полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету деректері іс материалдарына тіркелген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети