18 қыркүйек 2014 12:38

Астанада ІІМ қызметкері тренажер залынан соң қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкері Астанада жаттығудан соң қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің ресми өкілі Нұрділда Оразға сілтеме жасап.


ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкері Астанада жаттығудан соң қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің ресми өкілі Нұрділда Оразға сілтеме жасап.

"17 қыркүйек күні Ішкі істер министрлігінің 24 жастағы ерікті жалдау жүйесі бойынша қызметкері "Алатау" спорт кешенінің тренажер залына барғаннан кейін қайтыс болды. 15-17 қыркүйек күндері ол дене дайындығы жаттығуларына өз еркімен барған, бұрын мұндай жаттығуларға бармаған", - деді Ораз.

Ресми өкілдің айтуынша, ес-түссіз жатқан қызды көрген адамдар спорт кешенінің медбикесін шақырған, оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Бірақ оқиға орнына келген "жедел жәрдем" бригадасы оның қайтыс болғанын анықтады. "Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, тексеру жүріп жатыр", - деді Ораз.

Айта кетейік, бүгін Ішкі істер министрлігі тамыз айының басында Парламент Мәжілісі ғимаратында министрліктің үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкы қызметкері - 24 жастағы полиция лейтенантының өзін-өзі атқанын растаған болатын. Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаевтың айтуынша, қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр. Тексеріс әлі аяқталған жоқ.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети