09 қазан 2018 17:26

Астанада мас полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада мас полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев бұл мәліметті растады. 


Астанада мас полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев бұл мәліметті растады. 

Сәдубаевтың айтуынша, Астанада 7 қазанда полиция қызметкері мас күйде жеке көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

"Полицей оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жол апатына кінәлі адам сол күні анықталып, ұсталды. Адам қағып кеткеннен кейінгі оның әрекеті және ішкі істер органында қызмет ететіні процесс мүшелеріне әсер етпеуі үшін сот санкциясымен ол екі ай мерзімге қамауға алынды", - деді ІІД өкілі. 

Министрлік мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы және 347-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. 

"Сонымен қатар, ішкі тексеру тағайындалды, соның нәтижесінде полицейдің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылады не жұмыстан босатылады", - деді ІІМ ресми өкілі.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети