Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанада мұнара краны құлады: зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды 15 мамыр 2023, 10:04

Астанада құрылыс алаңында мұнара кранының құлауы салдарынан зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Оқырман жолдаған сурет Оқырман жолдаған сурет

Астанада құрылыс алаңында мұнара кранының құлауы салдарынан зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін оқыс оқиғадан ер адам зардап шеккені хабарланған болатын. Жәбірленушінің туысы Алена Юцевичтің айтуынша, ер адамның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

"Ол ауруханада, жағдайы тұрақты, бірақ дәрігерлер әзірге ешқандай болжам жасамай отыр. Ол өте әлсіз, үнемі ауырсынуды басатын дәрілер қабылдап жатыр. Қазір әйелі бірге палатада жатыр, оған көмектеседі. Палатаны жұмыс беруші төледі. Мұнара кранының иесі мен оның мердігерлері әлі ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Қылмыстық іс ашылды", - деді Юцевич тілшіге.

Туысының айтуынша, жәбірленушінің үш баласы бар. Олар отбасымен жалдамалы пәтерде тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті