26 наурыз 2014 11:37

Астанада өрттен 40 адам құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Астанада 10 қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 40 адам құтқарылып, тағы 23 адам қауіпсіз жерге шығарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, 25 наурыз күні сағат 17.25-те Мирзоян көшесіндегі 23/1-үйдің 3-6 қабаттары аралығындағы кабель шахтасында электр желілері өртенген. Өрт 10 шаршы метр ауданды шарпыды. "40 адам құтқарылды, оның ішінде, 9 бала бар және 23 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнында 1974 жылы туған бір азаматша түтіннен уланып қалып, ауруханаға жеткізілді", - делінген министрліктің хабарламасында. Жалын сағат 18.12-де залалсыздандырылған. Бұл жұмыстарға 78 өртсөндіруші мен 20 техника жұмылдырылды. Еске сала кетейік, 11 наурыз күні Астанада тоғызқабатты үйдің екі пәтері өртеніп, үш адамға ыс тиген болатын. Өрттен бес адам құтқарылып, тағы 19 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың арасында 11 бала болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети