06 сәуір 2015 12:28

Астанада шағын автобус өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube.com видеосынан алынған скриншот Youtube.com видеосынан алынған скриншот

Астанада шағын автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада шағын автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қабанбай батыр мен Сығанақ көшелерінің қиылысындағы өрт туралы хабар сағат 08.05-те келіп түсті. Хабар түскеннен кейін 5 минутта жеткен мамандар автобустың қозғалтқыш бөлігі мен салонының өртенгенін анықтады", - деп хабарлады департаменттегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус маршрутты емес, оның ішінде жолаушылар болмаған, жүргізуші көліктен түсіп үлгерген, зардап шеккен жоқ.

"Өртті сөндіруге 7 адам мен бір техника жұмылдырылды. Тілсіз жау сағат 08.19-да ауыздықталды. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері мен шығынның көлемі анықталып жатыр", - деді мамандар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети