04 сәуір 2014 11:33

Астанада су басқан үйлерден 20-ға жуық адам көшірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Emer.gov.kz ©Emer.gov.kz

Астанада су басқан үйлерден 18 адам көшірілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада су басқан үйлерден 18 адам көшірілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астананың Есіл ауданы Шығыс Ильинка ықшамауданының 2-секторында 3 сәуірде сағат 18.02-де еріген қар суының мол жиналуынан үш жеке үйді су басты. 18 адам көшіріліп, қонақүйлерге орналастырылды, оның екеуі бала", - делінген таратылған хабарламада. 

Төтенше жағдайды залалсыздандыруға Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан жеті адам мен екі техника жұмылдырылды. Еске сала кетейік, сәуірдің 1-і күні Астанадағы "Юбилейный" бағбандар қоғамы аумағындағы жеке үйлерді су басып, 21 адам қауіпсіз жерге көшірілген еді. Мұның алдында "Қазгидромет" мамандары Есілдің тасуы Ақмола, Қарағанды облыстары мен Астана іргесіндегі елді мекендерге қауіп төндіріп тұрғанын хабарлаған болатын.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети