30 сәуір 2014 10:24

Астанада төрт жасар бала биіктен құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kp.ru ©Kp.ru

Астанада төрт жасар бесінші қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.


Астанада төрт жасар бесінші қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға Сарыарқа ауданындағы тоғызқабатты тұрғын үйде болған. "29.04.2014 күні сағат 17.41-де абайсызда 5-қабаттың терезесінен 2010 жылы туған сәби құлап кетіп, түрлі дәрежедегі жарақатымен ауруханаға жатқызылды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Астанада екі жасар бала үшінші қабаттан құлап кеткен еді. Тұрғын үйге жапсарлас ғимараттың шатырына түскен ол аман қалды. Астанада осындай оқыс оқиғалар өткен тамыз, шілде айларында да бірнеше рет тіркелген болатын. 27 тамызда бір жасар сәби екінші қабаттан құлап, жарақат алды. Шілдеде алтыншы қабаттан құлаған үш жасар сәби қайтыс болып, төртінші қабаттан құлаған төрт жасар бала мүгедек болып қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети