Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіріліп жатыр Бейнеден алынған кадр

Астанадағы "Береке" тұрғын үй кешенінде жойқын өрт шықты. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанадағы "Береке" тұрғын үй кешенінде жойқын өрт шықты. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгерлер 13 қабатты тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттарына жайылған жалын мен будақтаған түтінді видеоға түсіріп алған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, өрт Байқоңыр ауданы, Отырар көшесіндегі тұрғын үй кешенінде болған.

112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Кадрларға қарағанда, өрт пәтерлердің бірінен шыққан болуы мүмкін. Тілсіз жау терезе әйнектерін сындырып, сыртқа лап қойған.

Қазіргі уақытта құтқарушылар өртті сөндіруді жалғастырып жатыр.

пожар в АстанеФото: ТЖМ баспасөз қызметі

Сағат 12:09-да өртсөндірушілер тілсіз жаудың ауыздықталғанын хабарлады.

"Өрт сөндіру бөлімшелері алғашқы болып жеткен кезде техникалық қабаттағы балкон ашық жалынмен жанып жатты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ашық жалын басылды", - деп мәлімдеді ТЖМ.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.99   558.26   6.59 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +34
Ақтау +27
Ақтөбе +21
Атырау +27
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +32
П
Павлодар +33
Петропавл +30
С
Семей +33
Т
Талдықорған +36
Тараз +39
Түркістан +27
О
Орал +28
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер