Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанадағы "Хан Шатыр" маңында жарылыс болды 23 мамыр 2023, 16:40

Астаналықтар "Хан шатыр" сауда ойын-сауық үйі маңында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында бірнеше жарылыс болғанын хабарлады, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры

Астаналықтар "Хан шатыр" сауда ойын-сауық үйі маңында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында бірнеше жарылыс болғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңайдағы үйлердің тұрғындары алғашқы жарылыс толқынын 16:28 шамасында сезген. Одан кейін тағы екі жарылыс болған.

Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында қою қара түтін шығып жатқаны көрінеді.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"Сағат 16:28-де Нұра ауданында Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында жаңадан салынған нысанда өрт шықты", - деп хабарлады ТЖД.

Шақыруға 19 құтқарушы мен 4 техника шыққаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram