19 маусым 2023 15:59

Астананы сары түтін басты: суреттер

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қураған ағаш жанып, салдарынан елорда аспанын түтін басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қураған ағаш жанып, салдарынан елорда аспанын түтін басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 19 маусымда елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері қураған ағаштың өртеніп жатқаны туралы хабарламаға барған. Ресми мәлімет бойынша, өрт аумағы 15 гектар болады.

Таңертең өрттің иісі тек "Хан шатыр" сауда үйі аумағында ғана сезілсе, дәл қазір түтін иісі сол жағалауда байқалады. Сонымен қатар, ЭКСПО аумағы мен жаңа мешіт маңайынан қою түтін анық көрінеді.

Өртті сөндіруге қосымша техника мен өртсөндірушілер жіберілген.

"Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 140 адам мен 21 техника, әкімдіктің 8 суару техникасы және "Астана орманы" ММ-нің 10 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети