Атбасарда газ баллонының жарылуынан бір әйел қаза тапты

07 Желтоқсан 2014, 13:40
0
Атбасарда газ баллонының жарылуынан бір әйел қаза тапты - Оқиға орны. Фото Ақмола облысы әкімдігінен
Оқиға орны. Фото Ақмола облысы әкімдігінен

Атбасарда тұрғын үйдегі газ баллонының жарылуы салдарынан 54 жастағы әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

7 желтоқсанға қараған түні қаладағы екіпәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Жарылыс кезінде үйде төрт адам болған. "Оқиға салдарынан 1960 жылы туған әйел қайтыс болды. Қалған үш тұрғын шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген әкімдік сайтындағы хабарламада. 

Зардап шеккендер аудандық ауруханада жатыр, олардың бәріне медициналық көмек көрсетілді. Газ аралас қоспаның атылуынан пәтерге жапсарлас салынған құрылыс құлап қалды. Атбасар ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен аудан әкімі Андрей Никишов оқиға орнына барды, бұл жерде жедел құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

"Аудан әкімдігі зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетті, қазір әкімдік жапа шеккен отбасыға уақытша баспана жалдап берді. Бұл жағдай облыс әкімі Сергей Кулагиннің жеке бақылауына алынды", - деп хабарлады әкімдік өкілдері. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай