07 тамыз 2023 12:08

"Атырау-Астрахань" пойызында лагерьге бара жатқан бала қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ Tengrinews.kz ©️ Tengrinews.kz

"Атырау-Астрахань" пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Атырау-Астрахань" пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 тамызда №625 "Атырау-Астрахань" пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болды. Бала лагерьге балалар тобымен бара жатқан. Олардың жанында төрт ересек адам болған. Тамақты өздері алып келгені айтылған.

"Пойыз жылжығаннан кейін 1,5 сағаттан соң баланың жағдайы нашарлаған. Пойыз бригадасы нұсқау бойынша әрекет етті, жедел жәрдем шақырылды, ол Нарын станциясына келді. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенде баланың қайтыс болғанын анықтады", - делінген хабарламада.

Өлім себебі сараптамадан кейін белгілі болатыны айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети