11 қаңтар 2021 00:06

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы алау видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Атырау мұнай өңдеу зауытында алау видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды.


Атырау мұнай өңдеу зауытында алау видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

"АМӨЗ" ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"2021 жылдың 10 қаңтарында Атырау МӨЗ-де Атырау облысының сыртқы желілерінде (KEGOC желісі бойынша) электр энергиясы терең орналасуы болды, яғни "KEGOC" АҚ тарапынан электрмен жабдықтау жүйесіндегі қысым кенет төмендеп кетті. Апат жағдайының алдын алу мақсатында зауыттың отын желісі сыртқы электрмен жабдықтау жүйесін толық тұрақтандыруға дейін технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл KEGOC-тың бір күнде үшінші рет өшіруі болып отыр, мұндай жоспарланбаған өшіру өндіріс жұмысына теріс әсер етеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ATYRAU | KAZAKHSTAN | 06❄️ (@atyrauoil.official)

Бұған дейін Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс орталығының кей шағын аудандары мен Индер және Махамбет аудандарында электр энергиясының апат жағдайында өшірілуі болған.

"Атырау-Жарық" АҚ қалалық тарату желілерінің бастығы Ғабиден Қанатовтың айтуынша, апат "KEGOC" АҚ желісінде, шамамен сағат 18.30-да болған.

"Ақ Жайық" мәліметі бойынша, Авангард, Балықшы, Балауса, Привокзальный, Лесхоз, Геолог, Бірлік, Тасқала, Курилкино, Дамба және т.б. шағынаудандарда жарық сөніп қалған. Көптеген сайлау учаскесінде адамдар қараңғыда дауыс беруге мәжбүр болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети