Атырау облысында темір жолдан шығып кеткен пойыз апатынан бес адам зардап шекті

20 Сәуір 2014, 01:51
0
Атырау облысында темір жолдан шығып кеткен пойыз апатынан бес адам зардап шекті - Фото ©flickr.com/louisfabries
Фото ©flickr.com/louisfabries

№41 Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызының жолдан шығып кетуі салдарынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Атырау облыстық ТЖД мәлімдеуінше, зардап шеккендер санавиация тікұшақтарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, 19 сәуірде №41 Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, соның салдарынан 16 вагонның оны аударылған. ТЖД-ның хабарлауынша, апат кезінде тасымалдау құрамындағы жұмыскерлерді қосқанда, пойызда 495 адам болған.

Оқиға орнында 58 құтқарушы және үш өртке қарсы бөлім жұмыс жасап жатыр. Пойыз жолаушыларын шағын автобустармен жақын маңдағы елді мекенге – Мақат стансасына тасымалдауда. Төтенше оқиғаның мән-жайы әлі анықталмаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай