07 тамыз 2016 13:45

Атырауда 20 жастағы құрылысшы төртінші қабаттан құлап, мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Атырауда 20 жастағы құрылысшы құрылыс алаңына құлап кетіп, мерт болды, - деп хабарлайды Ақ Жайық газеті.


Атырауда 20 жастағы құрылысшы құрылыс алаңына құлап кетіп, мерт болды, - деп хабарлайды Ақ Жайық газеті.

6 тамызда 20.40-та Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне қайғылы оқиға туралы хабар түскен. Оқыс оқиға Нұрсая ықшамауданының № 106 үйі құрылыс алаңында болған. Тасқала ауылының 20 жастағы тұрғыны, 4-ші қабаттан құлап кетіп, алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске салайық, Соңғы айда Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен екі бала құлап кеткен. Бірінші жағдайда бес жасар бала тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап, қайтыс болған. Бала атасы мен әжесінің қарауында болған. Ол балконда ойнап отырып, секіріп кеткен.

Екінші жадайда Ақтауда 4 жасар бала тұрғын үйдің бесінші қабаттынан құлап кетіп, қаза тапқан. Қайғылы оқиға таңғы 08.30-да болған. Баланың атасы оны ауруханаға таксимен апарған, алайда дәрігерлер оның өмірін құтқарып қала алмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети