13 маусым 2024 09:35

Атырауда адам өлімімен аяқталған жанжал: куәгерлер тың дерек айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ instagram/atyrauoil.official ©️ instagram/atyrauoil.official

Атыраудағы базарлардың бірінде адам өлімімен аяқталған кикілжіңге қатысты жаңа деректер пайда болды. Екі адам арасындағы жанжалға көліктің сырылып кетуі себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv мәліметіне сілтеме жасап.


Атыраудағы базарлардың бірінде адам өлімімен аяқталған кикілжіңге қатысты жаңа деректер пайда болды. Екі адам арасындағы жанжалға көліктің сырылып кетуі себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv мәліметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның соққыға жығылған сәті түсірілген видео тараған болатын. Куәгерлердің айтуынша, жәбірленушінің абайсызда басқа адамның көлігін сырып кетуі себебінен жанжал туған. Ашуға булыққан жүргізуші ешбір шешімге келуге тырыспай, марқұмды ұра бастаған. Ол ауруханада алған жарақатынан қайтыс болды. Марқұмның артында қайғы жұтып тұтас әулет, 4 баласы мен 5 немересі қалған.

"Амандақ ағамыз – елге қызмет қылған ауылымыздың сыйлы азаматы. Елдің алғысын арқалаған, жақсылықтың жаршысы, ақкөңіл, адамды ренжітпек түгілі, жәндікке зияны тимейтін. Ол кісі қолынан қаза тауып, ауылымыздың қабырғасын қайыстырды", – деді марқұмның туысы.

Алғашқылардың бірі болып оқиға орнына марқұмның қызы жеткен. Ол "әкемді жедел жәрдем көлігіне отырғызып жатқанда, ол ер адам әлі де балағат сөз айтып жатқан" дейді.

Қазір аталған іске қатысты тергеу басталған. Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы істі тікелей жеке бақылауға алғанын хабарлады.

"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, адам өліміне алып келу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети