29 қараша 2017 09:44

Атырауда бір ай бұрын жоғалған балабақша тәрбиешісі өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ATPress.kz © ATPress.kz

Атырауда балықшылар Жайық өзенінен бір ай бұрын жоғалған 39 жастағы Людмила Чернышеваның мүрдесін тапты, - деп хабарлайды ATPress.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Атырауда балықшылар Жайық өзенінен бір ай бұрын жоғалған 39 жастағы Людмила Чернышеваның мүрдесін тапты, - деп хабарлайды ATPress.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәйіт Авангард ықшамауданында жаяу көпірдің маңынан табылған. Мектепке дейінгі мекемелердің бірінің қызметкері 28 қазаннан бері жоғалғандар қатарында болған. Полициядағылардың айтуынша, алғашқы қарау кезінде мәйіттен зорлық белгілері табылмаған, алайда бірқатар сараптама тағайындалған. 


Людмила балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеген. © mgorod.kz

Людмила Чернышева 27 қазанда түнгі уақытта үйінен шығып кетіп, содан оралмаған. 

"Сол күні барлығымыз теледидар қарап отырдық, ол бәріміздің ұйықтап қалғанымызды күтіп, үйден шығып кеткен, бұл сағат түнгі екі мен таңғы бестің арасы. Ол қараңғыдан қорқатын, жалғыз өзі ешқашан жалғыз жүрмейтін, оның түнде жалғыз шығуына кімнің себеп болғаны жұмбақ қалып отыр", - деді  "Мой ГОРОД" тілшісіне марқұмның сіңлісі. Әйел жоғалғаннан кейін туыстары әлеуметтік желілер арқылы хабарландыру таратқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети