1. Басты
  2. Біл
  3. Тосын жай

Атырауда жоғалып кеткен 7 жастағы қызды сүңгуірлер іздестіріп жатыр

© Иллюстрациялық сурет © pixabay.com © Иллюстрациялық сурет © pixabay.com

Атырауда жоғалып кеткен 7 жастағы қызды сүңгуірлер іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқиға орнында қазіргі уақытта бес сүңгуір және 17 қайық, оның 9-ы мемлекеттік органнан, түстен кейін жергілікті тұрғындар Орал өзеніне өздерінің моторсыз қайықтарымен шықты. Түске дейін, біздің мәліметімізше, 50 шақты адаміздеуге атсалысты. Бірақ бұл мөлшер қысқарып не көбейіп жатыр", - деді өңірілік ІІД өкілдері. 

"Қазір біздің жұмысымыз суқоймасына бағытталды", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар, полицияның мәліметінше, қыз бала лагерьден келіп, содан кейін жоғалып кеткен. 

Еске салайық, 7 жастағы қыз бала 14 маусымда таңғы уақытта "Бесікті" мектеп-интернатына барған. Ал кешкі 17.15-те ол лагерьден үйіне оралуы керек болған, алайда содан бері оны ешкім көрмеген. Сол күні сағат 22.20-да әйел полицияға хабар берген. Өңірлік құтқару қызметі қыз баланы өзеннен іздестіріп жатыр. Іздестіру жұмыстарына полицейлермен қатар жергілікті тұрғындар, мұғалімдер және көршілері кіріскен. 

Басылымның мәліметінше, болжам бойынша, қыз суға батып кеткен.