04 мамыр 2020 09:09

Атырауда көпқабатты үйдегі өрттен 18 адам құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: atpress.kz Фото: atpress.kz

Атырауда көпқабатты үйдің бірінде шыққан өрттен 18 адам құтқарылды, - деп хабарлайды ATPress.kz.


Атырауда көпқабатты үйдің бірінде шыққан өрттен 18 адам құтқарылды, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Облыстық ТЖД басшысының орынбасары Рашид Бляловтың айтуынша, өрт 3 мамырда түстен кейін СМП-163 мөлтек ауданында шыққан. № 5 "б" үйдің пәтерлерінің бірінде балкон өртеніп, түтін үйдің ішіне кірген. Салдарынан жоғарғы қабаттарда тұратындар сыртқа шыға алмай қалған.  

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер автосаты арқылы 18 адамды эвакуациялаған, оның ішінде бес бала бар. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. 


Фото: atpress.kz

Өрт бірнеше минутта сөндірілген, оның себебі мен тигізген зардабы тексеріліп жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети