02 наурыз 2018 09:25

Атырауда қытайлық мұнайшылар қазақстандық күзетшілермен төбелескен

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 ақпанда күндіз Атырау мұнай өңдеу зауытының бақылау-өткізу пунктінде қытай мердігер ұйымдары жұмысшылары мен зауыт күзетшілері арасында төбелес шыққан. Бұл туралы ATPress.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.


27 ақпанда күндіз Атырау мұнай өңдеу зауытының бақылау-өткізу пунктінде қытай мердігер ұйымдары жұмысшылары мен зауыт күзетшілері арасында төбелес шыққан. Бұл туралы ATPress.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Төбелеске күзетшілердің жұмысшыларды зауыт территориясынан ішкі тәртіп бойынша орнатылған уақыттан бұрын шығармай қоюы себеп болған. Мұны қытайлық компанияның жұмысшысы күзетшілердің әрекетін видеоға түсіре бастаған. Өз кезегінде күзетшілер нысан территориясында түсірілім жасауға тыйым салғысы келген, осылайша тәртіпсіздік орнаған. Оған басқа жұмысшылар да қатысқан. 

Қақтығысты зауыттың ішкі қауіпсіздік күштері бірнеше минуттың ішінде тоқтатыпты. 

"Осылайша қақтығыс жойылды. Зауытты күзететін кәсіпорын қытайлық компаниядан кешірім сұрады", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, енді бұдан былай қытайлық мердігер ұйым мен АМӨЗ мердігер ұйым жұмысшыларын бөлек өткізуді ұйымдастыру бойынша шаралар жоспарын жасапты. 

"Ақ Жайық" дереккөзінің мәліметінше, төбелеске Қытайдың алты азаматы қатысқан - олар Sinopec Engineering компаниясының жұмысшылары. Басылымның мәліметінше, АМӨЗ-де бұған дейін де шетелдіктердің қатысуымен қақтығыстар болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети