31 шілде 2020 17:30

Атыраудағы бала өлімі: полиция істі жапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда полиция 1,5 жастағы баланың өліміне байланысты істі жапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" газетіне сілтеме жасап. 


Атырауда полиция 1,5 жастағы баланың өліміне байланысты істі жапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" газетіне сілтеме жасап. 

Осыған дейін Атырауда 1,5 жастағы бала септикке батып, қаза тапқан болатын.

Полиция бұл істе қылмыстың құрамы болмауына байланысты тергеуді тоқтатқан.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, бала тұншығып өлген. Оның денесінде жарақат іздері болмаған.

Атырау қаласы полиция департаменті карантинге байланысты сот сараптамасының қорытындысы ұзақ дайындалғанын атап өтті.

Еске салайық, 20 мамырда Атыраудағы Жұлдыз шағын ауданында 1,5 жастағы бала жоғалып кеткен болатын. Оны тұрғындар екі тәулік бойы іздеген. Іздестіру жұмыстарына 100-ден аса полиция қызметкері, 50 әскери қызметкер, 16 құтқарушы, 400-ге жуық ерікті жұмылдырылған. 

22 мамырда бала үйінің жанындағы септиктің ішінен табылған. Ол тұншығып қаза тапқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети