28 сәуір 2014 19:13

Аударылып қалған инкассаторлар автокөлігі Еуразиялық банкке қызмет көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© СТВ телеарнасы, "Территория происшествий" © СТВ телеарнасы, "Территория происшествий"

Аударылып қалған инкассаторлар автокөлігі Еуразиялық банкке қызмет көрсетеді, - деп жариялайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Аударылып қалған инкассаторлар автокөлігі Еуразиялық банкке қызмет көрсетеді, - деп жариялайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала таратылған деректер бойынша, апатқа кінәлі Toyota Windom автокөлігінің жүргізушісі болған, ол жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасы кезінде инкассаторлық көлікте ақшалай қаражаттар немесе банктің басқа да материалдық құндылықтары болған жоқ", - деп мәлімдейді "Еуразиялық банк" АҚ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 28 сәуірде Алматыда инкассаторлардың автокөлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы күндізгі сағат 12.00 шамасында Сүйінбай даңғылының Рысқұлов даңғылынан төмен тұсында болды. Инкассаторлар көлігі оңтүстік бағытпен келе жатып, солтүстікті бетке алған Toyota Windom көлігімен соқтығысып қалған. Әзірше жол-көлік оқиғасына кімнің кінәлі екені белгісіз. Оқиғаның салдарынан инкассаторлық көліктегі екі адам мен Toyota салонындағы үш адам зардап шекті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети