Автобус аялдамада тұрған троллейбуске соғысты

23 Маусым 2017, 12:58
0
Автобус аялдамада тұрған троллейбуске соғысты - © "Территория происшествий" бағдарламасы
© "Территория происшествий" бағдарламасы

№ 128 бағытында жүретін автобус аялдамада тұрған 11-ші троллейбусқа соғысты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылы мен Масанчи көшелерінің қиылысында болды. 

Куәгерлердің айтуынша, № 128 бағытындағы автобус Абай даңғылының бойымен шығыс бағытта қатты жылдамдықпен қозғалған. Аялдамада 11-ші троллейбус тұрған, белгісіз себептермен автобус бар жылдамдығымен келіп екінші қоғамдық көлікке соғысқан. Соның салдарынан 7 адам зардап шекті. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады. 

Еске салайық, Алматыда автобус апатынан алты адам зардап шекті. Апатқа жеңіл көлік себеп болған делінеді.

Сөйтсек, екі автобус Тобаяқов көшесімен қарама-қарсы келе жатқан. Кенет шығыс бағытта келе жатқан қоғамдық көліктің алдынан Renault көлігі атып шыққан. Автобус жүргізушісі соғыспау үшін тізгінді солға қарай бұрған, осы кезде қарсы бағытта келе жатқан автобусты соққан, ол өз кезегінде басқа Honda көлігіне соғылған да ағашты құлатқан. Тұрақта тұрған тағы үш көлікті қиратып, ғимаратқа кіріп кеткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай