18 маусым 2019 | 12:52

Автомобиль жүк көлігінің астына кіріп кеткен. ПД өкілдері пікір білдірді

© alau.kz

25 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қатты жылдамдықпен жүк көлігіне соқтығысты. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Алау"

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қатты жылдамдықпен жүк көлігіне соқтығысты. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Алау"

Toyota Mark II маркалы автокөліктің жүргізушісі Орал көшесінің бойымен "Әуежай" ықшамауданы бағытында кетіп бара жатқан.

Реклама
Реклама

"Көлікті басқаруды белгісіз себептермен игере алмаған ол жол бойында тұрған Mercedes маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, ал "Мерседесте" ешкім зардап шекпеген", - деді полиция өкілдері. 

Осы дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жол апаты 15 маусымда болған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram