19 мамыр 2015 18:17

Аягөзде бүлдіршінді лақтырып жіберген әскери жазадан құтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube.com кадры Youtube.com кадры

Аягөзде бүлдіршінді жерге лақтырып жіберген ер адамды баланың анасы кешірді, - деп хабарлайды Yk-news.kz.


Аягөзде бүлдіршінді жерге лақтырып жіберген ер адамды баланың анасы кешірді, - деп хабарлайды Yk-news.kz.

Аягөз қаласы Ішкі істер басқармасының хабарлауынша, жәбірленуші Дәулет Сәрсенбиннің анасы оқиғаның мән-жайын білу үшін Аягөз қаласына келген. Тараптар ымыраға келіп, әскери қызметкер баланың еміне жұмсалатын шығынды өтеуге уәде берді.

"Ұлымның жағдайы жақсы. Ойнап жүр, тамақты да жақсы жейді. Сараптама нәтижесінде баламның денсаулығына зақым келмегені анықталды. Айбек Ахметов (баланы лақтырып жіберген офицер) өз кінәсін мойындады. Ол жазасын алды деп ойлаймын. Қызмет бабында қиындықтар туындады, отбасы да үйсіз қалды", - деді жәбірленген баланың анасы Кәмшат Сәрсембина.

Екінші сыныпта оқитын баланың анасы әскери полицияға арыз жазып, әскери қызметкерге қатысты қылмыстық істі жабуды сұраған. "Айбектің ісіне мен түсіністікпен қараймын. Оның баласы менің ұлымнан кіші, яғни бар болғаны бес жаста. Айбек екеуміз түсіністік", - деді ол.

Еске сала кетейік, ер адамның екі бүлдіршіннің ойынына араласып, бірін басынан көтеріп алып, жерге лақтырып жібергені бейнеленген видео әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызған болатын. Кейін ер адамның әскери қызметкер екені анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети