11 сәуір 2016 09:21

Әйгілі айтыскер жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақын әрі композитор Шынберген Сүлейменов. © Іnstagram Ақын әрі композитор Шынберген Сүлейменов. © Іnstagram

Қазақстандық белгілі айтыскер ақын Шынберген Сүлейменов Таразда жол апатына түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Меломен" тобының әншісі Жігер Ауыпбаев айтып берді.


Қазақстандық белгілі айтыскер ақын Шынберген Сүлейменов Таразда жол апатына түсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Меломен" тобының әншісі Жігер Ауыпбаев айтып берді.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сүйенсек, ақын қазір ауыр халде ауруханада жатыр. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жол апаты 9 сәуір күні болыпты. Қазір оқиғаға қатысты басқа да мән-жайлар анықталып жатыр.


Ақын әрі композитор Шынберген Сүлейменов. © Іnstagram

Әнші Жігер Ауыпбаев Instagram желісіндегі парақшасында былай деп жазды: "Құрметті әріптестер, достар! Алла разылығы үшін дұға жасап қойсаныздар... Айтыскер ақын, көптеген xит әндерді дүниеге алып келген Шынберген Сүлейменов ағамыз жол апатына түсіп, ауыр xалде жатыр. Бірігіп Алладан амандығын тілеп қойсақ.. Алла разы болсын баршаңызға... "Әлі алар асуыңыз, шығар шыңыңыз бар Шың аға. Алла дертіңізге шипа берсін".

Айта кетейік, Шынберген Сүлейменов 1975 жылы 28 шілдеде Қызылорда облысы Арал ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети