23 қыркүйек 2020 16:43

Айналып жүрген ұшақ алматылықтардың үрейін ұшырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Айналып жүрген ұшақ алматылықтардың үрейін ұшырды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Айналып жүрген ұшақ алматылықтардың үрейін ұшырды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Flightradar.com сервисінің мәліметіне сәйкес, Air Astana әуекомпаниясының ұшағы қаланың үстінен бірнеше рет айналып ұшқан.

Әуекомпанияның баспасөз қызметі бұл жаттығу екенін хабарлады. Бұл жаңадан келген ұшқыштар үшін жазғы жаттығудың бір бөлігі екен.

"Аэродром жаттығуы "конвейерден" бірізді ұшуды, жоспар бойынша Алматы әуежайы ауданында "шеңбер" бойынша ұшуды, одан кейінгі қонуларды және екінші айналымға баруды қамтиды.

Әрбір ұшқыш дайындық деңгейіне байланысты - төрттен алтыға дейін және екінші айналымға баруды жасауы керек. Жаттығудың орташа уақыты - 4-6 сағат.

Қазіргі таңда жаңа ұшқыштардың келуін ескере отырып, айына екі-төрт жаттығу рейсі орындалады", - делінген Air Astana таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, әуекомпания мұндай жаттығулар тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен өтетінін атап өтті. Жаттығу кезінде ұшақ бортында жолаушылар мен бортсеріктер болмайды екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети