04 маусым 2021 10:18

"Айттым ғой, Венеция деп". Орал көшелерін нөсер жауыннан кейін су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда нөсер жаңбыр жауды. Ауа райының қолайсыздығынан қаланың көшелері мен тротуарларын су басты. Тұрғын үйлер бірнеше сағатқа электр қуатынан ажыратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда нөсер жаңбыр жауды. Ауа райының қолайсыздығынан қаланың көшелері мен тротуарларын су басты. Тұрғын үйлер бірнеше сағатқа электр қуатынан ажыратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеолардың бірінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі орналасқан Назарбаев даңғылы түсірілген. Кадрларда көліктер су кешіп қозғалып барады.

"Бұрын арықтар болған. Қала көшелеріндегі су Шаған өзеніне ағып кететін. Ал қазір Венециядағыдай өмір сүреміз", - дейді Орал тұрғындарының бірі пікірлерде.

3 маусымда кешке БҚО-да күн күркіреп, найзағай жарқылдады. Оралдың көп бөлігі жарықсыз қалды.

"Нөсер салдарынан жарық, сондай-ақ ыстық және суық су өшірілді. Біз қалада емес, ауылда тұратын сияқтымыз", - деді тағы бір пікір білдіруші.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілі қалада коммуналдық қызметтер жаңбыр суын сорып жатқанын хабарлады.

"Қатты жаңбырдан үйлерді су басу қаупіне байланысты БҚО ТЖД-да тәулік бойы 8 (7112) 55-40-88 жедел желісі жұмыс істейді, онда адамдар өтінім беріп, қажетті ақпарат ала алады", - деді ведомстводағылар.

Қала әкімдігі Оралда соңғы 12 сағат ішінде 48,5 миллиметр жауын-шашын түскенін хабарлады. 12 сағат ішінде жауын-шашынның бір жарым айлық нормасы жауған. 

Синоптиктердің болжамынша, өңірде бірнеше күн бойы жауын-шашын мен қатты жел болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети