17 наурыз 2016 14:03

Айзада Авлатарова өзін ұрлаған адамның сотына қатысудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айзада Авлатарова. Туыстары жолдаған сурет Айзада Авлатарова. Туыстары жолдаған сурет

20 жастағы алматылық студент Айзада Авлатарова өзін ұрлап кеткен Игорь Токаревтің сотына қатыспайды. Авлатарова сотқа істі өзінің қатысуынсыз қарау туралы арыз жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


20 жастағы алматылық студент Айзада Авлатарова өзін ұрлап кеткен Игорь Токаревтің сотына қатыспайды. Авлатарова сотқа істі өзінің қатысуынсыз қарау туралы арыз жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың туыстарының айтуынша, Айзада бірнеше уақытқа шетелге кеткен. "Қазір ол Қытайда. Онда біздің туыстарымыз тұрады. Оның мүддесіне сотта адвокат өкілдік етеді. Айзада сот процесіне мүлде қатыспайды. Оның қашан оралатынын білмейміз", - деді Айзаданың ағасы Руслан Розахунов. Ол қыздың жағдайы қазір жақсы екенін де жеткізді. Сонымен қатар, ол Токаревке қатысты істің процесі қызық емес екенін айтты. "Сот өтіп жатыр. Қанша жыл берсе, сонша берсін. Мен оны атып тастағым келеді, дегенмен маған мұндай мүмкіндікті ешкім бермейді ғой. Осының барлығын реттейтін мемлекет бар. Сондықтан да бірдеңе деп айту артық", - деді Розахунов.

Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. 10 желтоқсанда қыз табылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети