01 тамыз 2017 16:49

Бахрейнде 24 жастағы қазақстандық қыз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тагина Хайтметова Тагина Хайтметова

Бахрейнде 24 жастағы қазақстандық қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бахрейнде 24 жастағы қазақстандық қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғалып кеткен қыздың ата-анасы ҚР СІМ өкілдеріне жалғыз қызы Тагина Хайтметованы іздестіру жұмыстарына көмектесуін сұрап хабар берген. Тагина Хайтметова биыл 27 шілдеде Астанадан ұшып кеткен. Сол күні Тагина Астанадан Дубайға, ол жақтан Бахрейнге кетіп қалған.

"Астана әуежайындағы шекара қызметіндегілер маған оның Дубайға ұшып кеткенін айтты. (...) Келесі күні кешкі уақытта ол бізге Бахрейннен жұмыс тапқанын, қонақүйде қызметші болып жұмысқа тұрғанын айтты. Мен оған бірден үйге қайтсын деп айттым. Сол күні видео арқылы Бахрейндегі бөлмесін көрсетті. Видеодан оның бірдеңеден қорқып тұрғаны көрініп тұрды. Содан ол келесі күні жұмысқа шығатынын және онда өзімен бірге ұялы телефонды алуға болмайтынын жазып жіберді. Кейінірек хабарлама жазуға уәде берді. Міне содан бері, 29 шілдеден бері одан хабар жоқ. Қоңырау да бармайды", - деді жоғалып кеткен қыздың анасы Матлюба Ханжанова.

Әйелдің айтуынша, ол қызынан үйіне қайтуын сұрап, барлық шығынды өзі төлейтінін айтқан. Бірақ осыдан кейін қызы ата-анасымен байланысқа шықпаған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети