28 сәуір 2022 09:21

"Балағаттап, ақша талап етті". Жезқазғанда педагог пара алды деп айыпталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда колледж кураторы пара алды, ақша талап етті деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Жезқазғанда колледж кураторы пара алды, ақша талап етті деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Оқу орнының студенттері мұғалімнің үстінен арыз жазған. Ол ақша бергісі келмегендердің бағасын төмендеткен. Қазір өтініш тексеріліп жатыр. Дәлелдер жиналып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлерінің айтуынша, мектептегі баға мұғалімдер үшін ақша табудың басты құралына айналған. Мысалы, жедел желіге қарағандылық гимназиялардың бірінде балаларды қосымша ақылы сабақтарға жіберуге "мәжбүрлейтіні" туралы хабарлама келіп түскен.

"Күнде түрлі жағдайға тап боламыз. Мысалы, №102 гимназияның бастауыш сыныптарының ата-аналары бағасын төмендетіп, қосымша сабақтар өткізетін мұғалімдерге шағымданады. Бұл ата-аналарды қосымша ақша жұмсауға мәжбүр етеді. Шын мәнінде, бұл - ата-аналардан ақша жинау схемасы. Репетитор ретінде ақша алу. Бұған жол беруге болмайды. Тексеріс жүргізіледі", - деді Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бауыржан Құсайынов. 

"Мұндай мәлімдемеге қатты таңғалдым. Бұл мүмкін емес! Қазір жиналыста алғаш рет естіп тұрмын! Ата-аналарымыз барлық іс-шараға белсенді қатысады. Олар маған кез келген шағыммен келе алады. Бірақ ешқандай өтініш түскен жоқ. Әрине, анықтаймыз", - деді № 102 Қарағанды мектеп-гимназиясының директоры Қымбат Оспанова.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері мұғалімдерге ақша жинау заңсыз екенін айтты. Алдағы бітіру кештерінде мұғалімдерге жай гүл сыйлау ғана қауіпсіз болады. Оқушы мектепке ақшаны тек асханадан түскі ас алу үшін әкеле алады. Сондай-ақ, ата-аналар комитетінің қандай да бір соманы талап етуге құқығы жоқ. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети