Балалар есінен танып қалған: СҚО-да 2 мұғалім мектепте бұрыш баллонын шашқан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Солтүстік Қазақстан облысында екі мұғалім мектепте бұрыш баллонын шашқан,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында екі мұғалім мектепте бұрыш баллонын шашқан,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Ақжар ауданы Талшық ауылында болған. 27 қыркүйекте полицияға Талшық ауылындағы мектепте оқушылар есінен танғаны, ғимаратта түсініксіз иіс бар екені туралы хабарлама түскен.

Жедел тергеу тобының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторы оқушыларды, техникалық қызметкерлер мен педагогтарды ғимараттан эвакуациялады, кейін мектепті тексеруге кірісті.

"Тексеріс барысында осы мектептің екі мұғалімі бұрыш баллонын қарағаны анықталды, кейін біреуі салдарын ойламастан, баллонды шашып жіберген, салдарынан ауамен тарап кеткен. Оқиға салдарынан 9 және 11 жастағы екі оқушы, сондай-ақ, 53 жастағы әйел аудандық ауруханаға жүгінді. Оларға медициналық көмек көрсетілді", - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Бұрыш баллонын шашқан мұғалімдерге ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында материалдар толтырылды.

Айта кетейік, бұл әрекет Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабына сәйкес 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға не 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады. Қандай жаза берілетінін әкімшілік сот шешеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.92  course up  597.41  course up  6.62  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer