Балалар отырған автобусты апаттан аман алып қалған полицейдің жары күйеуі туралы айтып берді

19 Ақпан 2017, 13:04
1
Балалар отырған автобусты апаттан аман алып қалған полицейдің жары күйеуі туралы айтып берді -

Өз өмірін қатерге тігіп, балалар отырған автобусты аман алып қалған полицейдің жары күйеуі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазіргі уақытта ол келіні Әселмен бірге олар науқастың палатасын күзетіп отыр. 

34 жастағы полиция аға сержанты Мұрат Нұрсейітовтің жағдайын дәрігерлер тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Бір тәулік өткеннен кейін дәрігерлер полицейдің анасына ұлын көруге рұқсат берді. 

Ол маған қарап жымиды да, былай деді: "Мама еш алаңдамаңыз, өмір сүреміз. Барлығы да жақсы болады!, - мен көз жасымды әрең тыйдым. Оның мынадай халін көру өте ауыр болды, ұлымның аман қалғаны үшін Аллаға сансыз шүкірлік айтамын", - деді қарт ана. "Дәрігерлер болжам жасамай отыр. Мұраттың көп жері сынған. Жақын күндері оны палатаға ауыстыруы тиіс: Оған тағы бір ота жасайтындарын айтты", - дейді Әсел Нұрсейітова. 

Жол апаты туралы жайсыз оқиғаны Әсел жұмыс уақытында естіген. Ол мектепте география пәнінен сабақ береді. 

"Шамамен 12:00-де маған оның серіктесі Баянбек қоңырау шалып, олардың жол апатына түскенін айтты. Мен ештеңе түсіне алмадым, оның жарақаты қаншалықты ауыр екенін білмедім. Күйеуім жиі қоңырау шалып, жол апатына байланысты жұмыста кідіріп қалғанын айтатын. Мен үшін жол апаты деген сөз үйреншікті еді. Олар жол апаты болған жерлерге жиі баратын, бұл олардың жұмысы ғой. Мен ол кезде жол-көлік оқиғасының менің күйеуімнің қатысуымен болғанын білмедім. Бірнеше минуттан кейін Баянбек қайта қоңырау шалып, Мұратты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізетінін, менің еш алаңдамауымды өтініп, ол ес-түсін білетінін айтты. Мен бірден Мұратқа қоңырау шалдым, ол көтермеді. Әдетте ол өзімен қайтып қоңырау шалатын немесе хабарлама жіберетін. Қоңырауды күтіп жатпай, мен бір қайғылы оқиғаның болғанын сездім", - дейді Әсел. 

Күйеуі ауруханаға түскен сәттен бастап, әйелдің телефонына тыным жоқ. "Барлық жерден қоңырау соғып жатыр, достарымыз, әріптестер, таныстар мен өзім танымайтын адамдар да бар. Күйеуімнің денсаулығын сұрап жатыр. Оның дені сау болып кетуін тілеп жатыр. Мұраттың достары көп. Ол көңілді, тілтабысқыш және әрдайым байсалды, оны ашуландыру өте қиын. Бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тырысады. Ол маған үй шаруасына көмектесіп, балалардың тәрбиесімен айналысады. Егер мен жұмыста кідіріп жатсам, балалар аш қалады деп алаңдамаймын, ол әрдайым балаларға қарап отырады. Мен оның мықты екенін білемін. Оған тұрмысқа шыққанда қателескенім жоқ", - дейді полицейдің жары. 

Мұрат көпбалалы отбасында өскен, оның үш ағасы және бір қарындасы бар. Болашақ күйеуімен Әсел Ғаламторда танысқан. "Маған полиция формасындағы сымбатты ер адамның суреті ұнады. Оның көзқарасы мейірімді болды. Танысқанымызда екеуміз көрші болып шықтық. Ол Екібастұзда мен Баянауылда тұрдым. Басында хат алмасып жүрдік, сосын кездестік, екі айдан соң отбасын құрдық. Бір жылдан кейін күйеуім Баянауылға ауысты", - дейді Әсел. 

Мұрат Нұрсейітовтің әріптестерінің айтуынша, ол жауапкершілігі мол, берілген тапсырманы бұлжытпай орындай білетін ықыласты әрі мейірімді адам. Ол балалары мен жарын қатты жақсы көреді. 

Бос уақытын ол 12 жастағы және бес жастағы ұлдарымен өткізеді. Балалар әкелерінің гаражда көлік жөндегеніне қарағанды ұнататын. Әселдің айтуынша, ол көлік жөндеуді еш жерден оқымаған. Ол өзі үйренген, кез келген тәжірибелі механикпен бірдей жөндейді екен. 

"Ол көлік жөндегенді ұнатады. Ауылда көлігі бұзылғандардың барлығы Мұратқа келеді. Мен оған кейде әзілдеймін, зейнетке шықсаң өзіңнің көлік жөндеу бекетіңді ашасың деп", - дейді ол. 

"Мұрат аптасына бір күн демалысқа шығады, сол күні біз барлығымыз табиғат аясына шығуға тырысамыз, қыста тауға, жазда - көлге. Біздер Баянбектің отбасымен жақсы араласамыз. Жиі жиналамыз. Мұрат та, Баянбек те балаларды жақсы көреді, олар бірден шешім шығарады және батыл. Осыны біле отырып, мен олардың мұндай әрекетке барғанын білемін. Олар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Олар басқаша әрекет етпейтін де еді. Ең бастысы - барлығы да тірі. Мен үшін күйеуім әрдайым қаһарман болды. Енді бүкіл ел солай ойлайды. Оның тезірек сауығып, үйге қайтатынына сенемін. Себебі оның тілеуін қаншама адам тілеп отыр. Бұл бізге үлкен күш береді. Мен күйеуіммен мақтанамын", - дейді Әсел.  

Еске салайық, оқиға бүгін болған. Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімі полициясының қызметкерлері қызметтік Lada Granta көлігімен балалар отырған автобусты алып келе жатқан. Балалар Павлодардағы шаңғы жарысына қатысуға бара жатқан. Кенет Павлодар-Астана автожолында Қалқаман ауылының маңында КамАЗ жүргізіп келе жатқан 50 жастағы жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Жүк көлігі мен балалар отырған автобус соғыспауы үшін полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов ойланбастан қызметтік көлікті жолға көлденең бұрып үлгерген. Осыдан кейін автобусқа қарай келе жатқан КамАЗ полиция көлігін соққан. Жол апатының салдарынан полицей түрлі жарақатымен Павлодардағы ауруханаға жеткізілген. Автобуста 18 бала және оларды алып келе жатқан төрт тәрбиеші болған. Қазіргі уақытта 39 жастағы полицей жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалап отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай