Балалардың мектеп асханасынан ұшынуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

30 Сәуір 2014, 13:30
0
Балалардың мектеп асханасынан ұшынуына қатысты қылмыстық іс қозғалды - ©РИА Новости
©РИА Новости

Астанада балалардың №3 мектеп-гимназиясы асханасынан улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Tengrinews.kz-тегі онлайн-конференция барысында ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Есенғазы Иманғалиев айтты.

"Қазіргі уақытта Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасы №3 мектеп-гимназиясы асханасында балалардың ұшынуы бойынша қылмыстық іс қозғады. Мектеп-гимназия әкімшілігі мен "Исингужина Г.У. "Пайда" ШҚ" жеке кәсіпкерлігі арасында мемлекеттік сатып алу туралы келісім бұзылды, ол туралы кәсіпкерге жазбаша хабарланды. ҚР Азаматтық кодексінің 401-бабына сәйкес мектеп-гимназия әкімшілігі сотқа тиісті арыз жазып, аталған жеткізушіні теріс ниетті деп тануды сұрады. Бұл жағдай ҚР Білім және ғылым министрлігінің бақылауында", - деді ол.

Балалардың мектеп асханасынан ұшынғаны 9 сәуір күні белгілі болды. Улануға ірімшік өнімі себеп болды деп шамаланып отыр. Астана қалалық білім басқармасының мамандары осы оқиғаға байланысты №№18, 52 және 3 мектептерде асханалардың жабылғанын хабарлады. Бұл мектептерде тамақтандыруды ұйымдастырумен бір кәсіпкер айналысқан. Кейін гимназияның асхананы жалға алушының үстінен сотқа шағымданғаны мәлім болды.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай