1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

"Баласын құтқармақшы болған". Балқашта ер адам суға батып кетті13 тамыз 2020, 17:41

Фото: ndn.info Фото: ndn.info

Балқаш көлінде баласын құтқармақшы болған ер адам суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағанды облысы төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 12 тамызда Приозерск қаласынан 5 шақырым жердегі Балқаш көлінде болған. 2009 жылғы бала көлде үрлемелі матраспен шомылып жүрген. Алайда қатты жел мен толқын үрлемелі матрастағы баланы жағадан алысқа алып кеткен. Әкесі баласын құтқаруға асығыпты.

"Әкесі құтқарушыларды күтпестен баласына көмектесуге асыққан. Бірақ ол баласына дейін жүзіп бара алмаған. Оқиға орнына жеткен Қарағанды облысы төтенше жағдай департаменті қызметкерлері баланы құтқарған. Оны жел мен толқын көлдің жағасынан 850 метр жерге алып кеткен. Кейін құтқарушылар баланың әкесін іздеген. Іздеу жұмыстары кешке дейін жүргізіліп, 13 тамызда да жалғасқан. Құтқарушылар ер адамның мәйітін сағат 10:40-да көлдің жағасынан 350 метр жерден тапқан", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар карантин кезінде облыстағы көлдер мен су қоймайларында шомылуға тыйым салынғанын ескертеді.

Жылы басынан бері Қарағанды облысында 5 бала суға батып кеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!