15 сәуір 2021 10:39

Балқаш маңында жол апаты болып, полицей қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Казанғапов Фото: Тұрар Казанғапов

Балқаштан 45 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болды. Патрульдік көлік пен Volvo жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы қаза тауып, серіктесі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Балқаштан 45 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болды. Патрульдік көлік пен Volvo жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы қаза тауып, серіктесі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Volvo жүк көлігі тізгінінде 41 жастағы жүргізуші болған. Kia Rio маркалы қызметтік көлікті облыстық патрульдік полиция батальонының 33 жастағы инспекторы басқарған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметте болған 46 жастағы жолаушы Хайдар Оразбаев қаза тапты. Ол облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы болып жұмыс істеді. Арнайы көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Қарағанды облысы Ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев ішкі істер органдарында 1995 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істейді. Үйленген және төрт баласы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети