07 ақпан 2024 10:34

Банкоматта пин-кодты теріс енгізсеңіз, полиция келеді деген рас па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Банкомат алдында қарақшылар қорқытып, ақша алуға мәжбүрлеген жағдайда дабыл қағуға болатын құпия сандар комбинациясы бар екені рас па? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.


Банкомат алдында қарақшылар қорқытып, ақша алуға мәжбүрлеген жағдайда дабыл қағуға болатын құпия сандар комбинациясы бар екені рас па? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Әлеуметтік желілерде біраз уақыттан бері мынадай "лайфхак" тарап жүр:

"Егер банкоматтан қолма-қол ақша алып жатқанда біреу сізді тонамақ болса, ПИН-кодыңызды керісінше енгізіңіз. Мысалы, 3456 орнына 6543 нөмірін енгізіңіз. Банкомат полицияға дабыл жіберіп, ақшаны бермейді. Бұл функция әрбір банкоматта бар, бірақ бұл туралы бәрі біле бермейді".

Мұнда бірден сұрақ туындайды: PIN-код бірдей, мысалы, 3443 немесе 6556 болса, не істеу керек?

Мұндай дабыл түймесінің бар-жоғын білу үшін банктердің сенім телефондарына хабарласуды жөн көрдік.

Біздің сұрағымызға Halyk Bank пен Kaspi Bank кеңесшілері: "Бізде ондай ештеңе жоқ" деп жауап берді.

Jusan Bank бізге банкоматтар дабыл сигналын жіберетін түйме немесе комбинациямен жабдықталмағанын айтты. Бірақ олар жағдайдан шығудың басқа жолын ұсынды.

"Біздің банкоматтарда кодты теру арқылы дабыл жіберетін функция жоқ. Клиент өз бетінше әрекет етіп, полиция шақыруы керек. Немесе банкоматта үш рет PIN-кодты қате енгізсеңіз, карта бұғатталады", - деп жауап берді олар сенім телефонында.

Bereke Bank, Forte Bank және "Банк ЦентрКредит" кеңесшілері біздің сұрағымызға таңғалып, баспасөз қызметіне ресми сауал жолдауды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети