23 қыркүйек 2021 17:19

Бассейндегі улану оқиғасы: Алматы полициясы тергеу бастады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Полиция Алматы бассейнінде балалардың улануы бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция Алматы бассейнінде балалардың улануы бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, бұл факт ҚР ҚК-ның 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция бөлімі жүргізеді.

Айта кетейік, бүгін, 23 қыркүйекте Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалған болатын. Олар - синхронды жүзу сабағына қатысқан 12-14 жастағы қыздар.

Жедел жәрдем ауруханасы балалардың жағдайы тұрақты екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети