03 наурыз 2021 14:06

Басып озбақ болған. Полиция 7 адам қаза тапқан жол апаты туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қостанай облысының полиция департаменті жеті адамның өмірін қиған көлік апатының себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысының полиция департаменті жеті адамның өмірін қиған көлік апатының себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысындағы жантүршігерлік жол-көлік апатына жүргізушілердің бірінің қарсы жолаққа шығып кетуі себеп болған. Барлығы оқиға болған жерде көз жұмды.

"Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны Lexus автокөлігімен алдыңғы көлікті басып озбақ болып қарсы жолаққа шығып кетіп, Нұр-Сұлтанның 63 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан Mitsubishi Pajero автокөлігімен соқтығысқан", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаменті өкідері.

Жол-көлік оқиғасы болған жерде жеті адам - Lexus көлігіндегі үш және Mitsubishi Pajero көлігіндегі төрт адам қаза болды. Жол талғамайтын Lexus көлігі Қостанайдан Нұр-Сұлтанға, ал Mitsubishi Pajero Қостанайға бара жатқан. Жол-көлік оқиғасына қатысты соталды тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске салайық, Қостанай - Әулиекөл тасжолында жол апаты болды. Кеше, 2 наурызда шамамен 16:30-да Новонеженка мен Лаврентьевка ауылдарының аралығында екі жол талғамайтын көлік соқтығысқан. Салдарынан жеті адам қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети