02 наурыз 2021 22:31

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 7 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Қостанай облысында 7 адам жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысында 7 адам жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қостанай - Әулиекөл тасжолында болған. Өңірдегі Полиция департаментінің мәліметінше, сағат шамамен 16:30-да Новонеженка мен Лаврентьевка ауылдарының аралығында екі жол талғамайтын көлік бетпе-бет соқтығысқан.

Lexus Нұр-Сұлтаннан Қостанайға бара жатқан, Mitsubishi Pajero жүргізушісі облыс орталығына қарай бет алған.

"Шақыртуға екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Апаттан екі көлікте болғанның бәрі қаза тапты - жеті адам. Lexus-тегі үш ер адам және Mitsubishi-дегі төрт ер адам және үш әйел оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға орнында облыстың полиция және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеді.

Оқиға орнында түсірілген видео Желіде жарияланды.

Ескерту! Видеоны жүрегі әлсіздерге, жүкті әйелдерге және балаларға қарауға болмайды!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @qostanay_news

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети