26 мамыр 2022 15:24

Белгілі блогер туысының ұялы телефоны өртеніп кеткенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Белгілі блогер Дәулет Мұқаевтың әпкесінің ұялы телефоны өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі блогер Дәулет Мұқаевтың әпкесінің ұялы телефоны өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогер өртенген телефонның видеосын Instagram-парақшасында жариялады. Видеодан смартфон күл-талқаны қалмай өртенгенін көруге болады. Одан бөлек, кей құжат та өртеніп кеткен.  

"Тай-құлындай тебісіп өскен әпкемнің телефоны. Samsung өзінен-өзі өртеніп кетті. Қалтада жүрсе не болды?! 2017 жылы менде де сондай жағдай болды. Samsung батарейкасы қызып, ол кезде телефон қолда еді. Сол сәтте автобуста отырған едім. Сөйтіп, жерге лақтырып жібергенмін. Телефон түтіндеп, бұрқырап, бүкіл автобусты көк түтін қылып, жолаушылар, бәріміз бір тұншыға жаздағанбыз. Қазір еске түссе күлкілі. Ол кезде күлетіндей шама жоқ еді...", - деп жазды Дәулет. 

Блогер оқырмандарын телефон ұстаған кезде сақ болуға шақырды.

"Әпкеңізді құдай сақтапты", "Не үшін өртенген? Қызып тұрып па?", "Телефонды зарядтаған кезде чехолын шешіп зарядтау қажет!", "Қызып кеткен ғой, жайдан-жай өртенбейді", - деп пікір қалдырды оқырмандары. 

Samsung компаниясының смартфондары жарылып кеткені туралы ақпарат бұған дейін де көп тараған. Мысалы, Galaxy Note 7 смартфоны шыққан кезде көп адам телефон өртеніп кеткенін айтып шағымданған еді. Financial Times мәліметінше, сол кезде бір ай ішінде 35 смартфон жанып кеткені анықталған. Компанияның өзі кейін жаңа смартфондардың батареясында ақау болғанын жария еткен еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети